Келісімге сәйкес тараптар Түркі әлемі құрылтайларын, Мимар Синан атындағы халықаралық жобалар олимпиадаларын, өзге де жобалау жөніндегі байқауларды, сондай-ақ, Түркі дүниесінің симпозиумдарын бірлесіп ұйымдастыратын болады.
Бұған дейін аталған халықаралық басқосуларды Түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағының өзі өткізіп келген еді. Ал, Халықаралық Түркі академиясының атсалысуы бұл жиындардың халықаралық маңызын арттыра түседі,- дейді сарапшылар.
Бақытжан ОМАР