Сарапшылар мен ғалымдар бұл жұмыстар елдің жаңа белестерді бағындыруына мүмкіндік ашады деген пікірде.
Бастысы, барлық бағыттар халықтың мүддесін қорғайды, оларға қолайлы жағдай жасайды, - дейді олар.
Мемлекеттік аппаратты жетілдіру, көрсетілетін қызметтің сапасын арттырмақ. Ал, Заңның үстемдігі барлық азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.
Экономиканың индустриалды бағытта дамуы арқылы бірқатар әлеуметтік мәселелер де шешілетін болады.
Ал, елдегі тұрақтылық, татулық халықтың басты тілегі. Осылар арқылы дамыған транспорентті және есеп беретін мемлекет құруға жол ашылады, - дейді сарапшылар.
Әбдімүтәліп Әбжаппаров, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры:
Мемлекеттік аппаратта істейтін мемлекеттік қызметкерлердің деңгейі жоғары болу керек. Олар заман талабына сәйкес болу қажет. Елбасы айтқандай, бізде кейбір азаматтардың кәсіби деңгейінің төмен болуына байланысты мемлекетіміздің дамуына нұқсан келуде.