Алматыда Президенттік сайлау қорытындысы бойынша өңірлік сарапшылар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Президенттік сайлау қорытындысы бойынша өңірлік сарапшылар форумы өтті

04.05.2015
Алматыда Президенттік сайлау қорытындысы бойынша өңірлік сарапшылар форумы өтті

Форумға жиналған сарапшылар мен ғалымдар сайлаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент сайлауы ел тарихындағы өте маңызды оқиға болғанын айтып, алдағы уақытта дамудың даңғыл жолына апаратын 5 халықтық реформаны жүзеге асырудың тетіктерін талқылады.

Олардың айтуынша, жаһандық сын-қатерлерге салмақты жауап беру үшін Қазақстан халқы тағы да іргелерінің бекем екенін көрсете беруі керек.

Елдің ішінде ынтымақ пен татулық сақталса өнеркәсіп пен өндіріс өздігінен дами береді. Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын орындауға апаратын тура жол болмақ.

    

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу