Атыраудағы «Інжу-Маржан» кәсіпорны өркендеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы «Інжу-Маржан» кәсіпорны өркендеп келеді

04.05.2015
Атыраудағы «Інжу-Маржан» кәсіпорны өркендеп келеді

Атырау  балығы тайдай тулаған өңір. Бүгінде жергілікті оннан астам кәсіпорын Жайық, Қиғаш өзендерінен және Каспий теңізінен балық аулап, балық өнімдерін өңдеп, отандық тауарды ішкі нарықпен қатар, шетелдерге де экспорттауда. Сондай өндіріс орындарының бірі «Інжу-Маржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.   

Атыраудағы «Інжу-маржан» кәсіпорны 40-қа жуық балық өнімдерін дайындайды. Жыл сайын олар өздерінің мың тоннадан астам тауарын жергілікті тұрғындармен қатар, Еуропа елдеріне ұсынуда.

Қазір, кәсіпорын балықшылары үшін жұмыстың қызған шағы. Себебі, көктемгі балық аулау науқаны басталды. Ағымдағы жылы серіктестікке берілген балық аулау мөлшері 800 тоннадан асады. 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу