Орал «Зенит» зауыты тағы бір әскери кемені суға түсірді. Бұл шара салтанатты жиынмен өріліп, айлаққа көптеген қала тұрғындарын жинады. Зауыт 22 жыл ішінде 24 су көлігін құрастырып шығарды. «ФС-19» жобасындағы ұшқыр катер жылдамдықты 100 шақырымға дейін жеткізіп, айдында түрлі тактикалық маневрлар жасай алады.
Әрі бес балдық теңіз толқындарына шыдас береді. Катерге жергілікті жерде жасалған қару-жарақ пен уақыт талабына сай байланыс және бағамдау жүйесі орнатылған. Экипажы 4 адамнан тұрады. Таяу күндері жаңа кеме Жайық өзені арқылы Каспийге жол тартып, еліміздің теңіз қарулы күштерінің қатарын толықтырмақшы.
Рауан ДИӘЛИ