Шығыс Қазақстандағы Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы бүгін-ертең қалпына келтіріледі.
Қазір республикалық жолға жауапты құзырлы орган Снегирево ауылының маңындағы көпірдің қасынан айналма жол салуда.
Осыдан бірнеше күн бұрын екпінмен аққан су көпірді шайып кеткен еді.
Тасжолдың 149-шы шақырымындағы көпір қасынан айналма жол салу жұмысымен «Қазақавтожол» РМК қызметкерлері айналысуда.
Берік КӨШЕРБАЕВ