Әр түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін көрсеткен Жоғарғы сот қызметкерлері, келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Ұлық мерекенің бастауы Жоғарғы сот шаңырағына кіргенен-ақ сезіліп тұрды.
Сән-салтанатымен тігілген киіз үй, ұлт аспаптарында ойнап отырған қыз-жігіттер, қыран бүркіт пен тазы жетектеген саятшы. Береке мен бірлік мерекесінің қарсаңындағы бұл кешті мың бұралған бүлдіршін бишілер ашты.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ