Орыс жігіті Максим Споткай Ресейде қазақ тілін үйрету курсын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орыс жігіті Максим Споткай Ресейде қазақ тілін үйрету курсын ашты

27.04.2015
Орыс жігіті Максим Споткай Ресейде қазақ тілін үйрету курсын ашты

Бүгінде Ресей Федерациясының Омбы облысында 100 мыңға жуық қандастарымыз тұрады.

Яғни, саны жағынан орыстан кейінгі ең көп ұлт қазақтар. Бірақ өңірде қазақша білім беретін мектеп жоқ. Бұл әсіресе жастарға қиын.

Максим Споткай жақында тіл үйрету курсын ашқан. Алғашқыда 10 адам келсе, қазір 20-дан аса тұрақты тыңдаушысы бар.

Максим Омбыға бара сала қазақ газетін ашты. «Замандас» апталығы төрт жыл ішінде 1,5 мың данамен таралатын болды. Қазақстан жаңалықтарынан басқа «Омбы саңлақтары», «Шоқан жолдары», «Туған жер әуендері», «Жеңістің 70 жылдығы» сынды айдарынан қызықты мәліметтер оқуға болады.

«Қазақстанда «сары бала» деуші еді, омбылық орыстар мені «қазақ» деп атайды. Оқуымды бітірген соң елге қайтамын», - дейді Максим Споткай.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу