Шығыс Қазақстан облысынан Қарағанды өңіріндегі тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысынан Қарағанды өңіріндегі тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберілді

24.04.2015
Шығыс Қазақстан облысынан Қарағанды өңіріндегі тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберілді

Су шайған ауыл тұрғындарына көмек көрсету бастамасын «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері көтерген.

Белсенді жастар қайырылымдық акциясын ұйымдастырып, көптеген елді мекендерде жұрттан жылу жинау орындары ашылды.

Облыс жұртшылығы игі шараға кең қолдау көрсетіп, азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім және басқа да заттарды көптеп әкелуде.

Жиналған гуманитарлық көмекті Қарағанды өңіріне жеткізуге «Қазпошта» жәрдемдескен. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу