Батыс Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккен қарағандылықтарға жылу жинау жүргізілуде.
«Жас Отан» жастар қанаты арнайы орталықтар ашып, тұрғындардан түскен киім-кешек, азық-түлік және басқа да керек заттарды қабылдауда.
Игі іске жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар да атсалысты.
Бұған қоса, өңірдің мемлекеттік қызметкерлері мен құқық сақшылары зардап шеккендер қорына бір күндік жалақыларын аудару жөнінде ұйғарым жасады.
Рауан ДИӘЛИ