Атыраулықтар тасқын зардабын тартқан отандастырымызға 10 тонна ұн, 3 жарым тонна қант, 3 тонна макарон өнімдері және ет пен балық консервілері сияқты басқа да азық - түліктерді жіберді.
Жалпы, мұнайлы өңірден Қарағандыға 70 тонна азық түлік пен киім-кешек және тұрмыстық заттар тиелген автокеруен жөнелтілді.
Қайырымдылық шарасына облыстағы ондаған мекеме-кәсіпорын, сауда орталықтары мен кәсіпкерлер атсалысты.
Айта кетерлігі, облыс бойынша 7 жерде қарағандылықтарға көмек жинау нүктесі ашылып, жұмыс істеуде.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ