Еліміздегі Достық үйлері зардап шеккен аймақтарға материалды көмек әзірлеп отыр. Ал, Ассамблеяның игі істерге толы «Тайқазаны» бір-екі күнде Қарағандыға жетеді. Сол күндері де ұйым тарапынан тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетілмек.
Сәуірдің 21-ші жұлдызы, Ассамблеяның XXII сессиясына орай «тайқазан» Астанаға жетіп, елордадағы бейбітшілік және келісім сарайына орнатылады. Айта кетейік, «Тайқазан» 1652 елді-мекенді аралап, 500 мың адамның көзайымына айналды.