«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына жетті

16.04.2015
«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына жетті

Шаһарда 59 мыңға жуық тұрғын бар. 20-ға жуық этнос өкілдері өмір сүреді. Қаланың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда моноқалалар арасында 16 қала ішінен 5-ші орынға дейін көтерілген.

Тұрғын үй мәселесі де бір жолға қойылған. Бірақ, дәрігер мамандардың тапшылығы бар. Өңірде кәсіпкерлік жақсы дамыған. 4 мыңнан аса кәсіпкер ел қазнасына пайда әкелуде.

Сол себепті де, Астанадан арнайы келген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандарына кеңес сұрап келгендер көп болды. Өз тарапынан мамандар келген жұртшылыққа көмектесуден аянып калмады.

Хабарламаларға жазылу