Ксения Сербина: Қазақ тілінде еркін сөйлеуім қызметте жетістіктерге жол ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ксения Сербина: Қазақ тілінде еркін сөйлеуім қызметте жетістіктерге жол ашты

15.04.2015
Ксения Сербина: Қазақ тілінде еркін сөйлеуім қызметте жетістіктерге жол ашты

Солтүстік Қазақстан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкері Ксения Сербина төрт тілді меңгерген.

Қазақ тілінде еркін сөйлеуінің арқасында ол жұмысын ұршықтай иіріп отыр. Оның айтуынша, мемлекеттік тілде сөйлеуі қызметте жетістіктерге жетуіне жол ашты.

Ксения ұжымдағы әріптестері үшін ұлтқа бөлінуді білмейтін қарапайымдылығымен сыйлы. 

Ассамблея жылы қарсаңында мемлекеттік тілге жанашырлық танытып жүрген өзге ұлт өкілі ретінде марапатқа ие болды. «Бұл - біріншіден, еңбегімнің еленгені, екіншіден, өзім сияқты құрбыларыма үлгі», дейді жас маман.  

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу