Биыл үйірлі шегірткелер 3,5 миллион гектардан астам жерге таралады деп болжануда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Мемлекеттік инспекция комитеті қосымша 437 маусымаралық анықтаушыларды жұмысқа тартып, барлық аймақтағы жұмысшыларды GPS-трекерлермен жабдықтаған.
Бұл құрылғы арқылы ақпаратты жылдам жолдап, жұмысшылардың қай жерде екенін анықтауға болады.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ