Облыстың Баянауыл, Лебяжі, Май және Шарбақты аудандарында апаттан сақтану жұмыстары күшейтілді. Соған қарамастан Баянауыл ауданындағы Теңдік және Қараащы ауылдарының біраз бөлігін су басқан.
Ондаған үйлердің тұрғындары мен 200-ге тарта төрт түлік қауіпсіз жерге көшірілді. Негізгі қауіп Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданымен шекаралас ауылдарға төніп тұр.
Болат АМАНБАЕВ