Қайрат Мәмидің төрағалығымен Жоғарғы соттың кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Мәмидің төрағалығымен Жоғарғы соттың кезекті отырысы өтті

10.04.2015
Қайрат Мәмидің төрағалығымен Жоғарғы соттың кезекті отырысы өтті

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалығымен Жоғарғы соттың кезекті жалпы отырысы өтті. Басқосудың күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды.

Айталық, «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмекші. Бұл өзгерістер сот процесін жеңілдетеді.

Екінші қаралған мәселе «Азаматтардың тұрғын үй-жайларды жекешелендiру жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжiрибесi туралы» нормативтік қаулысын қабылдауға қатысты болды.

Енді жаңа қаулы бойынша республика азаматтары ел аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек қана бір баспананы жекешелендіруге құқылы.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу