Осыған орай Алматы қаласы әкімінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Енді жолаушылар автобус, троллейбус, трамвай мен метро сынды қоғамдық көліктерге жолақысын арнайы төлем карточкасымен төлей алады.
Арнайы төлем карточкалары газет киоскілерінде немесе автобус аялдамаларында сатылады. Тарифтік жоспар бойынша жұмыс істейтін арнайы құрылғылар сатып алынған.
Жоба қазан айынан бастап қолданыста тәжірибеден өтеді. Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарынан осы жүйені қоғамдық көліктерге толығымен енгізу жоспарланып отыр. Транспорттар онлайн режимде бақыланбақ.
Құлмахан САЛЫБЕК