Алматыдан Астанаға Ми-26 ұшағы мен құтқарушылар жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан Астанаға Ми-26 ұшағы мен құтқарушылар жеткізілді

08.04.2015
Алматыдан Астанаға Ми-26 ұшағы мен құтқарушылар жеткізілді

өткен жылмен салыстырғанда қар екі есе қалың жауған.

Сондықтан селдің алдын алу үшін жауапты мекеме Алматыдан Астанаға арнайы құтқарушы тікұшақтар жіберді.

Әлемнің ең алып тікұшағы болып есептелетін Ми-26 кемесімен қару-жарақтар, су сорғыш генераторлар мен қажетті құрал-саймандар елордаға жеткізілді. Сондай-ақ, оңтүстіктен Астанаға 20-дан астам құтқарушы келді.

Тікұшақтың біреуі әзірге Қарағандыда. Атырау, Қостанай мен Павлодарды қосқанда мұндай әуе кемесінің Қазақстанда 5-еуі ғана бар.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен су тасқынының алдын алу үшін мың 473 адамнан, 205 бірлік техника мен 53 жүзу құралы Ақмола, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберілді.     

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу