Бұған дейін Президент Әкімшілігінің жетекшісі болған Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің төрағасы боп бекіді. Бүгін төменгі палата депутаттары ұсынылған 1 ғана кандидатураны бірауыздан қолдап, жасырын дауыс беру арқылы сайлады. Ал, бұрынғы спикер Бақтықожа Ізмұхамбетов Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Төраға қызметін 3 айға толар-толмас атқарған Бақтықожа Ізмұхамбетов өз еркімен отставкаға кететінін айтты. Депутаттық корпус еш қарсылық білдірместен, экс-спикердің шешімін қабыл алды. Енді Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс депутаты бола жүріп, Ардагерлер кеңесі төрағасының қызметін қоса атқармақ.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ