Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мемлекеттік сатып алулар бойынша 10 конкурс жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мемлекеттік сатып алулар бойынша 10 конкурс жариялады

08.04.2015
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мемлекеттік сатып алулар бойынша 10 конкурс жариялады

Жалпы Ұлттық қордан жер қойнауының келешекті телімдерінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін арттыруға 6 миллиард теңге бөлінген. Оның 1 миллиарды «Қазгеология» АҚ-ға тиесілі.

Ал, 5 миллиард теңге аймақтық геофизикалық зерттеулер жүргізуге, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын іздеу жұмыстарына, геотермалды суларға іздестіру-бағалау жұмыстарына жұмсалады.

Комитет мемлекеттік сатып алу жұмыстарының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында конкурстық іріктеу жұмысына бірнеше мемлекеттік орган өкілдерін  қатыстырды. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу