Іс-шараның мақсаты - қанатын кеңге жайып келе жатқан автоөндіріс саласына жас буынның назарын аудару. Үздік деп танылғандары зауытқа шақырылып, машиналардың қалай жасалатынын көруге мүмкіндік алды.
Байқауға өңірдегі 25 мектептен 100-ге тарта оқушы қатысқан. «Құрастыру желілерінде оқушылар заманауи жабдықтармен таныса алады. Осы арқылы олардың болашақ мамандығын таңдауына ықпал етуді көздедік», - дейді ұйымдастырушылар.
Дәуренбек ӘБДІБЕК