2014 жылғы БҰҰ рейтингісі бойынша отандық электронды Үкімет жүйесі әлемде 28-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2014 жылғы БҰҰ рейтингісі бойынша отандық электронды Үкімет жүйесі әлемде 28-ші орында

03.04.2015
2014 жылғы БҰҰ рейтингісі бойынша отандық электронды Үкімет жүйесі әлемде 28-ші орында

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізушілердің көңілінен шықты. Енді, жүргізу куәлігін алу үшін сақшыларға жүгінбейсіз. Көлікті тіркеуге қоярда да осы жерге барасыз.

Мұндай орталықтар Ақтау, Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған және Таразда ашылған.

Мемлекеттік органдардың хостинг қызметтерін ұсыну үшін деректерді өңдеу орталықтары ашылуда.

Өткен жылы еліміздің 6 қаласында деректерді өңдеу орталықтары жұмыс істей бастаған. Атап айтсақ, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Петропавл және Тараз қалалары. Бұған дейін 7 қалада осындай орталықтар ашылған.

Хабарламаларға жазылу