Батыс Қазақстан облысында мал басын асылдандыру жұмыстары қолға алынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында мал басын асылдандыру жұмыстары қолға алынуда

02.04.2015
Батыс Қазақстан облысында мал басын асылдандыру жұмыстары қолға алынуда

Ақжайық өлкесінде мал басын асылдандыру жүйелі жолға қойылған.  

Фермерлер ғалымдардың көмегіне жиі жүгінетін болған. Нәтижесінде қолдан ұрықтандыру, эмбриондарды трансплантациялау сияқты тәсілдер кеңінен қолданылуда.

Өңірдегі асыл тұқымды 58 шаруашылықтың 55-і етті бағыттағы ірі қара өсіреді. Тұқымдық құрамды түрлендіру бағдарламасы да табын сапасының жақсаруына ықпал етуде.

Ол бойынша асыл тұқымды бұқамен қатар, әр сиырға демеуқаржы қарастырылған. 

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу