Азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Барлығы 29 мыңнан астам адам шақырылады деп көзделуде.
ҚР Қарулы Күштерінің қатарына төрт мыңға жуық сарбаз қосылмақ. Қалған азаматтар ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық ұланы және ҚР Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жіберіледі.
Көктемгі әскер қатарына шақыру қарсаңында Астана жастары флэшмоб өткізді.
Индира БЕГАЙДАР