«Құжат бәсекелестiктi жетiлдiруге және жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететiн нормаларды енгiзудi көздейдi. Олар мемлекеттiң кәсiпкерлiкке қатысу үлесiн қысқартуға және бәсекелестiктi дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған», дейдi мамандар.
Құжат нормаларына сәйкес, жаңа мемлекеттік кәсіпорындар мен еншілес компаниялар құруға қатаң шектеу енгізіледі. Анықталған қағидаттарға қарамастан құрылған мемлекеттік компаниялар жекешелендіріліп, монополияға қарсы органды күшейту қарастырылады.
Индира БЕГАЙДАР