Құжаттың негiзгi мақсаты – қабылданған халықаралық мiндеттемелерге сәйкес, ҚР ұлттық контингентiнiң бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi операцияларға қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу.
Заңда негiзгi ұғымдар ашық көрсетiлiп, бiтiмгершiлiк қызметiнiң қағидаттары, мақсаттары мен мiндеттерi айқындалған. Сонымен қатар, заң жобасында ҚР Президентiнiң, Үкiметiнiң, Қорғаныс министрлiгi және басқа да мемлекеттік органдардың ел аумағындағы бiтiмгершiлiк қызметi саласындағы құзыреттерi белгiленген.
Индира БЕГАЙДАР