Қарағанды облысында ауылдарды су шайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ауылдарды су шайды

28.03.2015
Қарағанды облысында ауылдарды су шайды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты бірнеше ауылды ағын су басты. Елді-мекендердегі тұрғындар аман. Табиғаттың тосын мінезі Тоқтар ауылын әбігерге салды. Күрт еріген қар суына үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр қосылып, тұрғын үйлерді су алған.

Матақ ауылындағы жағдай да мәз емес. Жаңбыр суы 25 үйге кіріп, ондағы тұрғындар мен мал-жандары қауіпсіз жерге көшірілді. Ауданнан арнайы техника мен құтқарушылар жұмылдырылып, су арналары тазаланып, ендігі келген суды ауылға қарай өткізбеу үшін бөгеттер қойылып жатыр.

Қазір барлық елді-мекендерде арнайы штаб пен комиссия құрылған. Шығын көлемі анықталу үстінде.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу