Астанада Қазақстан саясаттанушыларының конгресі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан саясаттанушыларының конгресі өтті

20.03.2015
Астанада Қазақстан саясаттанушыларының конгресі өтті

Қазақстан саясаттанушыларының конгресіне қатысқан Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев ел дамуының қазіргі кезеңіндегі дұрыс жолға қойылған саяси стратегия мен тиімді экономикалық бағдардың қай кезде де қажет екенін атап өтті.

Елбасы ұсынған 5 институциялық реформаның қуатты мемлекеттің тұжырымдамасы, әрі «Қазақстан-2050» стратегиясының табиғи бөлігі екенін  жеткізді.

Бұл реформалар еліміздің жан-жақты дамуына, мемлекеттіліктің нығаюына, халқымыздың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған. Жиында Президент сайлауының демократиялық құқықтық мемлекеттің ажырамас факторы ретіндегі маңызы, оның Қазақстан қоғамын топтастыруда айрықша рөлі бары айтылды.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу