Астанада халықаралық терроризмге қарсы дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық терроризмге қарсы дөңгелек үстел өтті

20.03.2015
Астанада халықаралық терроризмге қарсы дөңгелек үстел өтті

Әлеуметтік қызметкерлер мен тәртіп сақшылары терроризммен күресте қалай әрекет ететіндігі де аталмыш құжатта көрсетілуі керек.

Мұндай ұсынысты «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес мүшелері білдірді.

Сондай-ақ, кеңес жастар арасындағы лаңкестіктің тарауына алаңдаулы. «Аталмыш үрдістің алдын алу үшін интернет ресурстарын тежеу керек, иелеріне заңды міндеттемелерді жүктеуіміз тиіс» деді қатысушылар.

Ол үшін шетел заңнамаларын зерттеу қажет. Ал, адасқан жастардың айығыуына жәрдем ету үшін оларды жұмысқа тұрғызу керектігі айтылды.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу