Мекеме жоғары оқу орындарының түлектерін іс-тәжірибеге жіберіп, кейін жұмысқа орналастыру бойынша қызмет етеді. Бұл жерде студенттер іс-тәжірибеден өтуге болатын кәсіпорындар тізімін немесе бос жұмыс орындары бар мекемелер жайлы ақпарат ала алады.
Жобаның негізгі міндеттерінің бірі білім ошақтары мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту. Орталықта мемлекеттік бағдарламалардың да мүмкіндіктері түсіндірілетін болады. Осындай мекемелер Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттерінде тиімді жұмыс істеп тұр.
Ермек ЕЛБЕРГЕН