Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларының қатысуымен президенттік сайлауға байланысты конференция өтті.
Жиынға қатысушылар «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру бағыттарын, экономикасы дамыған 30 елдің қатарына кіру жолдарын, осы бағытта үкіметтік емес ұйымдардың атқаратын қызметін сөз етті.
Президенттік сайлау өткізу - әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуге, әрі «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға оң ықпалын тигізбек.
Сондай-ақ, жиналғандар Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде көтерген мәселелері - жаңа мемлекеттілікті нығайтудың бес реформасын талқыға салды.
Дәурен ДАРИЯБЕК