Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 12 мыңнан астам бала бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 12 мыңнан астам бала бар

18.03.2015
Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 12 мыңнан астам бала бар

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеудің заманауи әдістері». Семейде осындай тақырыппен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оған ел өңірлері мен көршілес Ресейден мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беретін мамандар келді.

Маңызды жиын қаладағы 30 жылдан астам тәжірибесі бар №4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатында өтті.

Конференцияға қатысқан педагогтар оқу орнының жетістіктерімен танысып, тәжірибелерімен бөлісті. 

Қазір Шығыс Қазақстан облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі 12 мыңнан астам бала бар.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу