Біріккен Ұлттар Ұйымының шөлейт аймақтардағы ауыл шаруашылығын дамыту жобасы бойынша 90-нан астам түрлі технология халықаралық тәжірибеде қолданысқа енгізілген.
Солардың бірі - Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми институты ойлап тапқан тамшылатып суару әдісі.
Осы әдіс арқылы былтыр Еңбекшіқазақ ауданында қатты дегредацияға ұшыраған жерлерде 1 гектар аумақтан 32,8 тонна жүгері дәні өндірілген. Ал, арықпен суару әдісі арқылы ол аймақтан 6 тонна ғана өнім алуға болады.
Амангелді СЕЙІТХАН