Әлемді қаржы-экономикалық тұрақсыздықтың жаңа толқыны жайлаған уақытта, президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу - ертеңін ойлаған елдің байыпты қадамы. Еуропалық кәсіпкер Фрэнк Монстри осындай пікір білдірді.
Шетелдік инвестор 20 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында кәсібін өрге домалатып келеді. Айтуынша, қазақ еліндегі тұрақтылық пен «Нұрлы жол» сынды нақты бағдарламалардың жүзеге асырылуы - кәсіби мықты әрі біртұтас мемлекет қалыптастырудың озық платформасы.
Нұрсұлу ҚАСЫМ