Қазақ елінен көрмеге арнайы ұлттық стенд қойылған. Бұл жерде, шетелдік туристер мен ресейліктер Қазақстан жайлы, еліміздің демалыс орындары туралы жан-жақты ақпарат ала алады.
Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, дәстүрлі музыканы тыңдауға да мүмкіндік бар. Бұл көрме Қазақстанға қыдырып келетін шетелдіктердің санын арттыруға зор ықпал етеді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ