Жер сілкінісіне байланысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз мәслихатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сілкінісіне байланысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз мәслихатын өткізді

16.03.2015
Жер сілкінісіне байланысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз мәслихатын өткізді

Жер асты дүмпуінің энергетикалық класы  12,9 болса, магнитудасы 6,3, ал тереңдігі - 15 шақырымда болған. Алматы қаласында қуаты - 4-5 балл төңірегінде сезілген. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 28 шақырым жерде Қырғыз Республикасымен шекаралас  аймақта болған.

Кеше сағат 21:41-де тағы да бір жер сілкінісі тіркелген. Мамандардың мәліметінше, бұл жолы тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 286 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің дүмпуі қатты сезілгенімен, жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу