Солтүстік Қазақстан облысында 24 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.
Бұл салада қазір 107 мың адам еңбек етуде. Әсіресе, ауылды жерлерде мал сатып алып, шағын ферма құруға ниет білдірушілер көп.
Айыртау ауданындағы «Прекрасное» шаруа қожалығы осыдан екі жыл бұрын құрылған. Шаруашылық құрылғаннан бері жергілікті 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Мемлекет берген жеңілдікті ұтымды пайдаланған кәсіпорын болашақта мал санын көбейтіп, ірі фермаға айналдырмақ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ