Бұдан соң, сахнаға белсенді жастар шығып, «Нұр Отан» партиясының съезінде қабылданған тарихи шешімді бір ауыздан қолдайтындарын айтты. Одан кейін түрлі ұлт өкілдері жиналған қауымға өз өнерлерін паш етті.
Ал, «Азия Авто» зауытының жастары арнайы автошеру өткізді. Аталмыш акция бүгін Өскеменмен қоса, Семей, Риддер және Зырян қаласында да ұйымдастырылды.
Берік КӨШЕРБАЕВ