«Жұмыспен қамту - 2020» жобасы аясында соңғы бес жылдың ішінде Астана мен Алматы қалаларында 2 мыңнан аса әйелге нарықта ең қажетті мамандықтар бойынша білім бердік. Олардың 5 пайызы кәсіпкер атанды.
Ал 80 пайызы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына мүше бизнес әйелдердің иелігіндегі өндірістерге жұмысқа орналасты», - дейді ол. Биыл Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы 20 жылдығын атап өтуде.