Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың күре тамыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың күре тамыры

05.03.2015
Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың күре тамыры

Әуелі Үкімет «қолымнан іс келеді» деген адамдарға қолдау көрсетіп, ісін дөңгелетіп кетуіне қолқабыс етуде. Кәсіп өкілдері «бұл біз үшін үлкен мүмкіндік», деп отыр.

Атырау жұрты да алдағы сайлау Қазақстанға оң өзгерістер әкелеріне нық сенеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы, қоғамдық бірлестік өкілдері және жастар өңір тұрғындарын Президент сайлауына белсене қатысуға шақырады.

Елді тығырықтан алып шығар мемлекет басшысының кім боларын - қазір анықтау керек. Осы себепті де сайлау маңызды, дейд олар.

Президент сайлауы жаһандық дағдарыстың ықпалына қарсы тұру үшін дер кезінде жүзеге асқан ұтымды идея. Өйткені, әлемде не болып жатқанына ел куә.

Көрші мемлекеттердегі жағдай, мұнай бағасының түсуі экономикаға теріс әсер етті. Осыған қарамастан Қазақстан тұрақты дамып келеді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу