Қызылорда облысында ««Қазақстан-2050» бағдарламасындағы жастардың рөлі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында ««Қазақстан-2050» бағдарламасындағы жастардың рөлі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды

04.03.2015
Қызылорда облысында ««Қазақстан-2050» бағдарламасындағы жастардың рөлі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды

Қоғамның қозғаушы күші - жастар. Сондықтан, ел болашағының жарқын болуы тұрғысында жастарға үміт артылып, үлкен жауапкершілік жүктеледі.

 «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалында ««Қазақстан-2050» бағдарламасындағы жастардың рөлі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.

Мемлекеттің дамуы туралы ойлар екі бағытта өрбіді.

«Ең басты мақсат - жастарды осындай стратегияның жүзеге асып жатқандығы жөнінде ақпараттандыру», дейді «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Абылайхан Саламбаев.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу