Кентау қаласындағы трансформатор зауытының ұжымы Елбасы атына хат жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кентау қаласындағы трансформатор зауытының ұжымы Елбасы атына хат жолдады

04.03.2015
Кентау қаласындағы  трансформатор зауытының ұжымы  Елбасы атына хат жолдады

«Алдағы сайлау - елдіктің, ұлттық бірліктің таразыға түсер сәті».

Кентау қаласындағы  трансформатор зауытының ұжымы  Елбасы атына осылай деп  хат жолдады.

Кәсіпорын жұмысшыларының ортақ тілегі мен ұстанымы жазылған хатқа 1,5 мың адам қол қойған.

Мемлекет қолдауының арқасында бүгінде өндірістік қуаты еселенген кәсіпорын 350 түрлі өнім шығарады.

Зауыт жұмысшыларының пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент сайлауына  қатысуы қол жеткізіген жетістіктерімізді бекемдеп, еліміздің әрі қарай да өркендеуіне негіз болады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу