Қытай тұрғындары Жаңа жыл тойлауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай тұрғындары Жаңа жыл тойлауда

03.03.2015
Қытай тұрғындары Жаңа жыл тойлауда

Жаңа жыл қытайларда «көктем мерекесі» деп аталады. Бұл олардың ең қасиетті мейрамы. Мереке дәстүр бойынша бір ай бойы тойланады.

Қытай Жаңа жыл құрметіне көршілес мемлекеттермен шекарасын жауып, жаппай демалысқа кетеді.

Дәстүр бойынша жаңа жыл салтанатты отшашумен қарсы алынады. Бірақ, елдегі экологиялық жағдайға байланысты, биыл 138 қалада отшашуға шектеу қойылды. Әдетте 24 сағат жанатын фейерверктер, биыл тек бір-екі сағат көрсетілді.                                                                                                       

Жаңа жыл – отбасылық мереке. Сондықтан қытайлар мейрам күндері туған-туысқандарына жетуге асығады. Бұл Қытай бойынша көші-қонның ең үдемелі кезеңі.

Осы уақытта қытайлар 4 миллиард рет түрлі бағытта сапар шегеді. Жалпы жаңа жылды тойлауға ел тұрғындары 100 миллиард доллардан астам қаражат жұмсайды.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу