Мұрат Қадешев өмірін орман қорғауға арнаған жан. Осы салада 43 жылдан бері бел жазбастан еңбек етіп келеді.
«Тал-теректі баптауды алты жасымнан бастап, қасына еріте жүріп әкем үйретті», - дейді ол.
Бүгінде кәсіби орманшы 12 көмекшісімен бірге 12 мың гектар орман алқабын қадағалап, «тілсіз жау» мен заңбұзушылардан қорғайды.
Ел байлығын қызғыштай қорғап, молайтуда барын салып жүрген орманшылардың еңбегі ерен. Олар уақытпен санаспай күн-түн демей өз міндеттерін мінсіз атқаруда.
Рауан ДИӘЛИ