Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы 9 индустриялық жоба іске асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы 9 индустриялық жоба іске асты

28.02.2015
Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы 9 индустриялық жоба іске асты

Аймақ басшысы Даниал Ахметов былтырғы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Елбасының Жолдауы аясында облысты одан әрі дамыту бойынша басты бағыттарды айқындады.

2014 жыл Шығыс өңірі үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша табысты болды.

Өнеркәсіп өнімінің өндірісі 10 пайызға өсті. 313 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 345 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды.

Индустрияландыру картасы аясында 9 жоба жүзеге асып, 700 жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыс әкімі баяндамасында биыл жүзеге асырылатын басты бағыттарға кеңінен тоқталды. Бұдан соң халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Облыс тұрғындары экология, Өскемен және Семей қаласын абаттандыру, Күршім ауданында Ертіс өзені үстінен көпір салу және басқа да көптеген сауалдарын жолдады.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу