Яғни, жемқорлық індетімен күресуге бүкіл қоғамды жұмылдырмақ. Осы мақсатпен «Таза қол» акциясы ұйымдастырылды.
Арнайы безендірілген ондаған автокөлік қаланың басты көшелерімен шеру тартты.
Тұрғындарға лауазымды тұлға немесе мемлекеттік қызметші тарапынан «бармақ басты, көз қысты» әрекет байқалған жағдайда не істеу керек, қайда хабарласқан жөн деген сияқты сұрақтардың қыр-сыры түсіндірілді.
Болат АМАНБАЕВ