Елорда шеті мен қаланың кей проблемалық аумақтарында да бүгіннен бастап радио толқыны ақаусыз жұмыс істейтін болады. Осы ретте елордадағы 12 радионың сапасын арттыру үшін Италиядан әкелінген құрылғы таныстырылды.
Құрылғы толқындардың қуаттылығы мен 60 шақырым қашықтықта радионың ұстап тұруын қамтамасыз етеді. Жалпы жаңарту жұмысының құны 200 млн теңгені құраған.
Әлия ТАЛАСОВА