«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі 11-наурызда өтеді. Бүгін Елбасы аталмыш Қаулыға қол қойды.
Осыған орай партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Съезге қатысушы делегаттарды шұғыл іріктеуді қолға алды.
Сондай-ақ, аймақтармен өткен бейнеконференциялық байланыс үстінде Бауыржан Байбек биылғы жылдың «Бастауыш партия ұжымы жылы» болып тағайындалғанын жариялады.
Айта кетейік, партия құрамында тіркелген 849,7 мың адамды 5 598 бастауыш партия ұйымы біріктіріп отыр.
Бүгінде ірі кәсіпорындар негізіндегі 4 филиал мен бастауыш партия ұйымының 13 бөлімшесі жұмыс істеуде.
Бастауыш партия ұйымының төрағалары ішінде отызға дейінгі жетекшілер 7 пайыз болса, 30- 41 жас аралығындағы басшылар 23,40 пайызды құрады.
41-50 жас аралығындағы төрағалар саны 33,60 пайызға жетсе, жасы елуден асқан басшылар үлесі 35,70 пайыз болған.
Солардың 59,2 пайызы ер адам болса, қалған 40,8 пайызы - әйелдер.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Бұл - тарихи Съезд. Сондықтан еліміздің барлық өңірлерінен бұған 1200-ден астам делегат қатысатын болады. Оның ішінде облыстық мәслихаттардағы партия фракцияларының басшылары, шалғайдағы ауылдарды қоса есептегенде 200-дей бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және 100-ден астам партия белсенділері мен ардагерлері қатысады.
Әлия ӘШІМ