Астанада «Азаматтығы бар және азаматтығы жоқ адамдардың» анықтамалығы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Азаматтығы бар және азаматтығы жоқ адамдардың» анықтамалығы таныстырылды

25.02.2015
Астанада «Азаматтығы бар және азаматтығы жоқ адамдардың» анықтамалығы таныстырылды

Анықтамалық мақсаты – халықаралық құқықтың, атап айтқанда 1954-жылғы апатридтер мәртебесі туралы конвенцияның қорғауында жүрген азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

Азаматтығы болмаудың негізгі себептері туралы әңгімелеу. Мәлімет бойынша, бүкіл әлемде ең аз дегенде 10 миллиондай адамның  азаматтығы жоқ.

Басты құжаттың болмауы – білім алуға, дәрігерлік қызметке, заңды жұмысқа орналасуға, ақыр соңы адамның еркін жүріп-тұруына кері әсерін тигізеді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу